Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2018 » Июнь » 16 » Рақмет дәрігер!
22:18
Рақмет дәрігер!

Ересектер, жүкті әйелдер, тіпті балаларға әртүрлі ауру белгілері бойынша диагноз қойып, ем-дом жүргізетін жалпы классикалық дәрігерінің міндеті салмақты.
Сол салмақты қайратымен қайырып, біліктілігімен, мол тәжірибесімен ауруға араша түсіп, басы ауырып, балтыры сыздағандардың ризашылығына бөленіп жүрген нәзік жандылардың бірі – Текелі қалалық «Достық» амбулаториясының отбасылық дәрігері ҰЛБОСЫН МҰХТАРҚЫЗЫ САРМАНОВА. Ол: «Адамдардың ауруға қарсылық қуаты әртүрлі. Сол секілді, әртүрлі жастағы адамдар үшін бір түрлі аурудың белгісі де үнемі бірдей сипаттала бермеуі мүмкін. Сондықтан, дәрігер ауруды емдеп, адамды құтқару ісінде үнемі сергек болуы, үздіксіз тәжірибе жинап, білімін жетілдіріп отыруы парыз», – деп өзінің дәрігерлік антына адалдығын танытты.
Міндетін мінсіз атқара жүріп, отбасын мейірім-шуаққа бөлеген көп балалы батыр ана «Әкенің сесі – бала үшін тез» деп, ұл мен қыздың өсу жолын ұлағатты дәстүрлерімізбен байланыстырған.
Ұлбосын кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріне қажыр-қайрат, біліктілік, мол мейірім тілейтінін жеткізді

Категория: Новости | Просмотров: 384 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]