Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2013 » Май » 17 » Внимание!!!
09:27
Внимание!!!

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

       Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанда Дәрілік ақпарат орталығының халыққа арналған 8 800 080 88 87 бірыңғай телефон желісі құрылды. Жаңа call-қызмет халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру негізгі бағыты болып табылатын 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс істейді.    

Қазақстан аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу – тегін. Аталған желі дәрілік заттарды орынды әрі қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша консультацияға мұқтаж азаматтарға арналған. Сall-қызметке қоңырау шалып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары, дәрілік заттарды ауыстыру мен сақтау шарттары, препараттардың тиімділігі мен ықтимал жанама әсерлері жөніндегі ақпараттарды алуға болады. Өз жұмысында Дәрілік ақпарат орталығының мамандары дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасын қолдана отырып, толығымен объективті және дәйекті ақпарат ұсынады.      

 Жұмыстардың жекелеген топтамасы препараттардың өзара әрекеті, дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкес орынды белгілеу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге кеңес беруге арналған. Жаңа call-қызметтің халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және медикаменттерді орынсыз қолдануға жол бермеуге бағытталғанын ерекше атап өту қажет.       

Дәрілік ақпарат орталықтары өз қызметін  елдің 16 аймағында ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК базаларында жүзеге асырады. Орталықтың негізгі міндеттері дәрілерді орынды қолдануға жәрдемдесу, формулярлық жүйені дамыту, сондай-ақ халықтың медициналық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сall-қызмет 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс күндері, Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК Дәрілік ақпарат орталығы                                             Алматы облысының тұрғындары сіздер жәнеде мына мекен жайға хабарласуларыңызға болады:                                                                       Мекенжайы: Талдыкорган қ., Желтоксан көшесі, 205-үй, тел.: 8 (7282) 400531,390078      e-mail: druginfo-tdk@mail.ru

                                             ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы

Категория: Новости | Просмотров: 699 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]